Прокуратура әкесін ұрып өлтірген шардаралықтың үкіміне наразылық білдірді

23.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Сот оны «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптарымен кінәлі деп таныған. Түркістан облыстық прокуратурасының хабарлауынша, сотталған азаматқа қатысты шығарылған үкімге апелляциялық наразылық жолданған.

– Түркістан облысында Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен келіспеген Шардара ауданының прокуратурасы жазаны қатаңдату туралы өтінішхатпен апелляциялық наразылық келтірді, – деп мәлімдеді облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Түркістан облысында әкесін ұрып, қорлық көрсеткен тұрғын қамауға алынғанын жазған едік.

Кейіннен қайтыс болған қарияның мәйітіне эксгумация жасалып, сараптама тағайындалды. 

Шардарадағы қарияның өлімі бойынша іс сотқа жолданды. 

Бұған дейін өткен сот отырысында прокурор сотталушыға 6 жыл 2 ай жаза сұрады.

Туған әкесіне қатыгездікпен адам төзгісіз қорлық көрсеткен ер адамның 5 жылға сотталғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью