Прокуратураның араласуымен екібастұздық жұмысшыларға 20 миллион теңге жалақы қайтарылды

17.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұл туралы облыстық прокуратурадан хабарлады.

- Тексеру барысында кәсіпорында көрсетілген қызметтер үшін қаржыландырудың болмауына байланысты қызметкерлер алдында берешек қалыптасқаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды. Нәтижесінде 100 қызметкерге жалпы сомасы 20 302 336 теңге көлеміндегі жалақы берешегі толық көлемде төленді, - деп мәлімдеді құзырлы органнан.

Осылайша қызметкерлердің еңбек құқығы қорғалған. Ал жұмыс беруші заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік арқалады.

Еске сала кетейік, Астанада прокуратура білім беру ұйымындағы заң бұзу дерегін анықтады. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью