Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев соттан Ерболат Жанабыловты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сондай-ақ прокурор оны Қылмыстық кодекстің 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру) бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығынан айыруды өтінді.
— Қылмыстық кодекстің 58-бабы негізінде түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын, — деді мемлекеттік айыптаушы.
Бұдан бөлек, прокурор соттан Жанабыловқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны сот залынан қамауға алуды сұрады.
Ал Эльмира Төлегеноваға қатысты мемлекеттік айыптау тарапы Қылмыстық кодекстің баптарының жиынтығы бойынша мүлкін тәркілей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды.
Сонымен қатар прокурор Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жазаны орындауды бір жылға кейінге қалдыруды сұрады.
Бұған дейін сот Жанабыловтардың ісін прокуратураға қайтарудан бас тартқан еді.