Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі аяқталуға жақын. 11 тамызда прокурор айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Прокурор әр бап бойынша қанша жыл сұрады?
Сотталушылар орындығында – 28 жастағы Шерхан Аймахан. Оған Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айып тағылып отыр.
Тараптар жарыссөзі барысында прокурор Мадияр Әбілқасымов соттан айыпталушыны кінәлі деп танып, әр эпизод бойынша келесідей жаза мерзімдерін тағайындауды сұрады:
99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" бойынша – өмір бойына бас бостандығынан айыру; 125-1-бап "Некеге тұруға мәжбүрлеу" бойынша – 2 жылға бас бостандығынан айыру; 115-1-бап "Сталкинг" бойынша – 200 сағаттық қоғамдық жұмыс."Өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұраймын. Жазаны өтеуді қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде белгілеуді сұраймын. Жаза өтеу мерзімі үкім жарияланған күннен бастап есептелсін. Аймаханға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын", – деді прокурор.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу