Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Психолог Эльмира Кударова алдағы 20–30 жыл ішінде қоғамда аутизм, РАС (аутистік спектрдің бұзылысы) және ЗПРР белгілері бар адамдардың саны артатынын болжады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде көптеген адамдардың бойынан аутизмге тән белгілер байқала бастады.
Маманның пікірінше, уақыт өте келе аутизм мен оған ұқсас нейроерекшеліктер қоғамда қалыпты құбылысқа айналуы мүмкін.
«Біраз уақыттан кейін аутизм, РАС, ЗПРР қоғамда қалыпты жағдай болады. Оны тіпті ауру деп айту қиын.
Себебі бұл — нейроқабылдауы өзгеше адамдар. Қазір аутистік ерекшелігі бар балалар өте көп, олардың барлығы өсіп келеді.
Ал статистикаға сүйенсек, мұндай көрсеткіштер жыл сайын 2–3 есеге артып отыр», — деді психолог.
Оның айтуынша, 20–30 жылдан кейін аутистік спектрдегі адамдардың саны бұдан да көп болуы ықтимал.