Психологиялық дертке шалдықтым... : әнші Шахаризат Сейдахмет қазіргі өмірі жайлы шындығын айтты (видео)

24.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әнші Шахаризат Сейдахмет «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол кейінгі кезде сахнаға шықпай кетуінің себебін ашып айтты. Айтуынша, құмар ойынға тәуелді болып, ұзақ уақыт бойы ем қабылдаған.

«Бір жыл бойы сахнаға шықпай кеттім. Оның себебі сауығумен айналыстым. Психологиялық дертке шалдықтым. «Шахаризат қайда, неге жоғалып кетті?» деген сұрақтарды көп естимін. Ол өзін жоғалтып алды. Білікті мамандардың көмегіне жүгініп, жабық мекемеде жеті ай ем алып, өзімді енді таптым», – деді әнші.

Әнші ең алдымен құмар ойынға тәуелді болғанын анасына барып, мойындағанын айтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью