Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ақтаудағы төтенше жағдайдан аман қалған 19 жастағы сарбаз жансақтау бөлімінен терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Үміт Ілиясова Ақжол Темірәлиевтің жағдайы мен алдағы емі туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әскери қызметші кеше ауруханаға ауыр жағдайда жеткізіліп, бірден "қызыл аймаққа" жіберілген.
Қабылдау бөлімінде емделушінің кеуде қуысы мен миына компьютерлік томография жасалып, электрокардиограмма, талдаулар және эхокардиография жүргізілді.
Толық тексеруден кейін ол әрі қарай емдеу және бақылау үшін жансақтау бөліміне ауыстырылды.
"Жансақтау бөлімінде жатқан кезде жағдайы нашарлаған жоқ, тұрақты болды, гемодинамикасы мен талдаулары да қалыпты еді. Сондықтан бүгін таңертеңгілік тексеруден кейін емделушіні терапия бөліміне ауыстыру туралы шешім қабылданды", - деді Үміт Ілиясова Tengrinews.kz тілшісіне.
Қазір сарбаз терапия бөлімінде жатыр. Ол есін біледі, сұрақтарға дұрыс жауап береді және өз бетінше қозғала алады. Емдеу шаралары жалғасып жатыр.
Аурухана директоры орынбасарының айтуынша, емделушіде жарақат салдарынан өкпе немесе мида ешқандай асқынулар анықталған жоқ.
"Қазір әрі қарайғы еммен психологтар айналысады, олар психологиялық көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады Үміт Ілиясова.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Үміт Ілиясова. Фото Tengrinews.kz
Әскери қызметшінің психологиялық жағдайы туралы сұраққа Ілиясова оның оқиғаны түсінетінін, есін білетінін және жағдайы дұрыс екенін айтты. Сонымен қатар, ауруханадан шығару туралы айту әлі ерте - емделуші дәрігерлердің бақылауында болады.
Ілиясова ауруханаға түскен кезде сарбаздың өміріне қауіп төнбегенін нақтылады. Оның айтуынша, емделушінің өкпесінен су алынбаған.
Қазір оған "аспирациялық пневмонит" клиникалық диагнозы қойылған - бұл суға бату кезінде тыныс алу жолдарына бөгде заттардың түсуінен кейін туындайтын жағдай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от TengriNews | Новости Казахстана (@tengrinewskz)
Аурухана мәліметінше, Ақжол Темірәлиев оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген жалғыз әскери қызметші болған.
Жүзіп шығып, досын іздеген: Маңғыстауда аман қалған сарбаздың видеосы жарияланды
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз жаттығулары кезінде әскери қызметшілер Каспий теңізінде суға ағып кеткен. Олар оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқанда, ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген.
Бастапқыда 19 әскери қызметші суға кеткені хабарланған болатын. Кейін Маңғыстау облысының әкімдігі 17 адам екенін нақтылады.
Сонымен қатар бүгін, 25 қыркүйекте екі әскери қызметші - сержант Мансұр Ғұмаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылды. Қайғылы оқиғадан 14 адам қаза тапты.
Қайғылы оқиғаны тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Комиссия қайғылы оқиғаның себептерін анықтап, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуі тиіс.
Әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Жүзіп шығып, досын іздеген: Маңғыстауда аман қалған сарбаздың видеосы пайда болды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу