Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Құжат психологиялық қызмет саласын құқықтық тұрғыда реттейді. Сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары, ұстанымдары мен міндеттерін белгілейді.
– Психологиялық көмек пен медициналық қызметті айқын бөлуді қамтамасыз ету, соның ішінде психологтер тарапынан дәрілік емдеуге жол бермеу көзделеді. Бұл халықаралық тәжірибеге сай болып, азаматтарға көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігін арттырады, - делінген заң жобасында.
Сонымен қатар психологтің қызметіне қатысты құзыреттер, біліктілік және кәсіби қызмет мазмұнын анықтайтын кәсіби стандарт енгізілмек. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін психологтерге қойылатын талаптар заңнамалық деңгейде бекітілетінін жазғанбыз.
Сондай-ақ психологтердің мемлекеттік тізілімі жасалады.
Одан бөлек, психологтер қызмет алушымен шарт жасасуға міндеттеледі.