ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Будапешт қаласындағы «Пушкаш Арена» стадионында өткен шешуші кездесудің негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаз тағдыры пенальти сериясында анықталып, онда француз клубы 4:3 есебімен басым түсті.

ПСЖ — Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы. Өткен маусымда команда бұл трофейді өз тарихында алғаш рет жеңіп алып, финалда Италияның «Интерін» 5:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Сенсация: «Арсенал» 20 жылдан кейін Чемпиондар лигасының финалына шықты

Ал «Арсеналға» қарсы финал әлдеқайда тартысты өтті. Қос команда негізгі және қосымша уақытта бітіспес күрес көрсетіп, жеңімпаз тек пенальти сериясында белгілі болды.

Осылайша, «Пари Сен-Жермен» XXI ғасырда Чемпиондар лигасын қатарынан екі маусым жеңіп алған екінші клуб атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке тек мадридтік «Реал» қол жеткізген еді. Испаниялық клуб 2016-2018 жылдар аралығында турнирде үш рет қатарынан жеңіске жеткен болатын.

Команданы Чемпиондар лигасының ширек финалына жеткізген бас бапкер «Қайраттан» неге кетті?

Сондай-ақ, париждік команда Чемпиондар кубогы/Чемпиондар лигасы тарихында титулын қатарынан екі жыл қорғап қалған алғашқы француз клубы ретінде тарихқа енді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью