Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемнің өзін-өзі қамтамасыз ететін орталығы ретінде берік орныға алды, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин РИА Новости агенттігінің хабарлауынша.
"Қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемнің толыққанды және өзін-өзі қамтамасыз ететін орталықтарының бірі ретіндегі ЕАЭО шеңберіндегі ынтымақтастық тұрақты түрде дамып келе жатқанымен барлықтарыңыз келісесіздер деп ойлаймын", - деді Путин Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысында.
Путин ЕАЭО шеңберіндегі ынтымақтастық бес елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесетінін мәлімдеді.
Путин Ресейдің ЕАЭО бойынша серіктестерімен өзара тиімді, көп қырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және одақты жан-жақты нығайту бойынша бірлескен күш-жігерді жандандыруға шын жүректен мүдделі екенін айтты.