Путин кәсіби техникалық мамандарды Қазақстанмен бірлесіп даярлауды ұсынды

12.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанмен кәсіби-техникалық мамандарды бірлесіп даярлауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін екі елдің президенттері Оралда өткен XXI Өңіраралық форумына бейнебайланыс арқылы қосылды. Биылғы форум жұмысшы мамандарды даярлау мәселесіне арналып отыр. Осы орайда Путин бірлескен бағдарламаны қолға алуды ұсынды.

"Екі елдің өңірлері үшін техникалық мамандарды оқытудың бірлескен бағдарламасын әзірлеу мәселесін пысықтауға болатын еді. Себебі бізге оқуға келетін қазақстандықтардың басым бөлігі инженерлік бағыттарды таңдап жатады. Бүгінде Ресей өңірлерінде шамамен 55 мың Қазақстан азаматы біліп алып жүр", - деді Путин.

Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің жоғары оқу орындары Қазақстандағы университеттердің көпшілігімен серіктестік орнатқанын атап өтті.

"Екі елдің жоғары оқу орындары арасында қос дипломды бағдарламаны және бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын жүзеге асыруды қарастыратын 1453 келісімшарт жасалған. Қазақстанда Ресей университеттерінің тоғыз филиалы табысты қызмет істеп жатыр. Онда төрт мыңға жуық студент білім алады", - деді Тоқаев.

Ол Ресейде Қазақстан университетінің алғашқы өкілдігінің ашылуы елеулі уақиға болғанын атап өтті.

"Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы жемісті жұмыс істей бастады", - деп атап өтті президент.

Айта кетері, форум кезінде Тоқаев жұмысшы мамандықтарды даярлаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью