Путин КХДР басшылығына арнайы әскери операцияға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты

20.07.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Цой Сон Химен кездесті.

Бұл туралы РИА новости жазды.

"Владимир Путин Ресей мен КХДР арасындағы екіжақты қарым-қатынастарға жоғары баға беріп, арнайы әскери операцияға көрсеткен көмегі үшін Корея Халық Демократиялық Республикасының басшылығы мен халқына алғысын білдірді. Сондай-ақ ол Ресей күштеріне қолдау көрсеткен және мемлекеттік наградаларға ие болған корей әскерилерінің ерлігі Ресейде ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті", — делінген мәлімдемеде.

© POOL / Медиабанкке өтуПрезидент Владимир Путин встретился с главой МИД КНДР Цой Сон Хи

Президент Владимир Путин встретился с главой МИД КНДР Цой Сон Хи

© POOL

/

Медиабанкке өту

Цой Сон Хи өз кезегінде осындай жылы сөздер үшін ризашылығын білдіріп, КХДР басшысы Ким Чен Ынның жақында ғана Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарды жан-жақты дамыту жөніндегі стратегиялық бағытқа адалдығын тағы бір мәрте растағанын мәлімдеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью