Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффты Кремльде қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.
Уиткоффтың бұл – биылғы Ресейге алтыншы сапары. АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі биыл 11 ақпанда және 13 наурызда Мәскеуге келген, ал сәуірде екі рет барған: 11 сәуірде Санкт-Петербургте Путинмен кездессе, 25 сәуірде Мәскеуге келген. Бұл кездесулердің бәрі Украина мәселесіне қатысты болды.
Соңғы рет олар 6 тамызда кездескен. Ол кезде Кремль Уиткоффтың сапары нәтижелі әрі жемісті өткенін атап өткен еді. Тараптар Ресей мен АҚШ арасындағы Аляскадағы саммитті дайындауға мүмкіндік берген ақпараттармен бөліскен. Трамптың арнайы өкілінің қазіргі сапары АҚШ-тың Украина бойынша бейбіт жоспарын талқылау процесімен байланысты.