Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Беларусь басшысы Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Көп жылдар бойы мемлекет басшысы қызметінде аянбай еңбек етіп, бауырлас Беларусьтің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуына және халықаралық аренадағы мүдделерін қорғауға зор үлес қосып келесіз", — делінген Кремльдің сайтында жарияланған құттықтау мәтінінде.
Путин Ресей мен Беларусьтің Еуразия кеңістігіндегі өзара тиімді интеграциялық үдерістерді ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.