Путин Мәскеуде Уиткоффпен кездесті

02.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АҚШ президентінің арнайы өкілі Мәскеуге барды. Мақсат – Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жоспарын талқылау. Қазір Владимир Путин, Стив Уиткоффпен Кремльде келіссөз жүргізіп жатыр.

Кездесуге белгілі кәсіпкер әрі Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер де қатысуда. Делегаттар АҚШ-тың бейбіт жоспарын жеткізді. Құжат бірнеше күн бұрын Майамиде өткен АҚШ пен Украина келіссөздерінен кейін өзгертілген. Алғашында 28 тармақтан тұрған жоспар қайта өңделіп, 19 тармаққа қысқарды. 

Айта кетейік, бұл Стив Уиткоффтың Мәскеуге биыл алтыншы рет баруы. Сарапшылар: «Қорытынды шешім жайлы айту ерте», - дейді, бірақ келіссөздердің жалғасуы, бейбітшілікке бағытталған маңызды қадам деп бағалап отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью