Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Владимир Путин Қазақстанға сыйға тартылған амур жолбарыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Владимир Путин Қазақстанға сыйға тартылған амур жолбарыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әріптестігіміздің тағы бір маңызды саласы – экология және биологиялық әралуандықты қорғау. Қазақстандағы достарымыз Амур жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіруге көмек көрсету туралы өтініш айтқан еді. Осыған орай біздің тиісті мекемелеріміз кейінгі бір жыл ішінде нақты жұмыс жүргізді. Хабаровск өлкесінде екі жолбарыс және оның екі күшігі арнайы ауланды. Жануарлардың жағдайы мұқият тексерілген соң "Аэрофлот" рейсімен Қазақстанға жеткізілді. Қазір екі елдің ғалымдары Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығында бұл жануарларды жергілікті жерге бейімдеу үшін бірлесе жұмыс атқарып жатыр. Жақын арада жолбарыстар табиғи ортасына оралады", - деп жазды Владимир Путин "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған мақаласында.
Амур жолбарысы - планетадағы ең сирек кездесетін жыртқыштардың бірі, халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Ресейде бұл жыртқыштың популяциясы шамамен 750 бас болады.
2025 жылғы қарашада Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен оның ресейлік әріптесі Александр Козлов елімізге Ресей Федерациясынан амур жолбарыстарын әкелуге дайындық және оларды алғашқы бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Құжатқа Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен қол қойылды.
Айта кетейік, бұған дейін 27-29 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні хабарланған болатын.