Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: РИА Новости
«Ресей мен Қазақстанның арасында мызғымас достық, тату көршілік және өзара тиімді қарым-қатынас берік орныққан. Бұған ортақ тарихымыз, халықтарымыздың тығыз сабақтасқан мәдениеті мен тағдыры арқау болып отыр», дейді Ресей Президенті.
Владимир Путин өз мақаласында екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы өзара құрмет пен сенім қағидатына негізделгенін атап өтті.
«Біздің осындай ынтымақтастығымыз бүкіл Еуразия аумағындағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етудің маңызды факторы саналады», деді Ресей Президенті.
Владимир Путин: Ресейліктердің өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметі ерекше