Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Украина бойынша келіссөзді жалғастыруға дайын екенін және ешқашан келіссөзден бас тартпағанын мәлімдеді.
"Белгілі бір байланыс бар, оны жасырмаймын. Бірақ нақты келіссөз жоқ. Соған қарамастан, біз бұған дайынбыз, біз ешқашан келіссөзден бас тартқан емеспіз", – деді Ресей басшысы Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар Путин Украинадағы қақтығыстың нақты қашан аяқталатынын айту мүмкін емес екенін атап өтті.
"Мерзімге келсек, менің жауабымды сіз де, басқа әріптестер де түсінеді деп ойлаймын: әскери қимыл жүріп жатқан жағдайда нақты мерзімді атау мүмкін емес. Бұл орынсыз, мұндай жағдайда ешкім нақты мерзімді айтпайды. Мен де олай жасамаймын", – деді Путин.