Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспийдегі әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
"Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің Каспийдегі оқу-жаттығулары барысында болған қайғылы оқиғаға байланысты терең қайғырып көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.
Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 12 әскери қызметші қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.