Пышақпен қорқытқан: Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады

11.06.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Павлодарда ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына шабуыл жасап, қызметтік көлікке зақым келтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға 10 маусым күні Назарбаев даңғылы, 89 мекенжайындағы аулада болған. 

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, сағат 14:57-де «103» қызметіне көшеде белгісіз адамның жатқаны жайлы қоңырау түскен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер азаматқа көмек көрсетуге әрекеттенген кезде ол агрессия көрсетіп, пышақпен қорқыта бастаған.

Кейін ер адам жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасап, дене жарақатын салған. Бұдан соң реанимобиль салонына кіріп, медициналық жабдықтарды бүлдірген. Ол дәрі-дәрмек салынған ампулаларды сындырып, медициналық құрал-жабдықтарды көліктен сыртқа лақтырып жіберген.

Оқиғадан кейін медицина қызметкерлері полиция шақырып, құқық қорғау органдарына арыз жазды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью