Қ. Тоқаев: Шағын шаруашылықтар жет­кі­лікті көлемде субсидия ала алмай отыр

06.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Елі­мізде шағын шаруашылықтар жет­кі­лікті көлемде субсидия ала алмай отыр. Мемлекет басшысы «Түркістан» газетінде жарияланған сұхбатында ауыл шаруашылығындағы ахуалға тоқталып, шаруалардың жайын да қаузап өтті. 

Президенттің сөзінше, соңғы жылдары салаға көрсетілген мемлекеттік қолдау көлемі көбеймесе, кеміген емес. Мәселен, 2024 жылы шаруаларға 580 мил­лиард теңге бөлінсе, былтыр 1 триллион теңге көлемінде жеңіл­детілген несие берілді. Тиісінше, соңғы он жылда шаруа­­ларға көрсетілген қолдаудың көлемі 10 есеге дейін артты, бірақ оның тиім­ді­лігі күмән тудырады. Саладағы жалпы өнім көлемі екі жарым есе өсті. Алайда Президент бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынын атап өтті. Егін шаруашылығында өнімді нәтиже тіркелгенімен мал шаруашылығында Азия елдеріне жөнелтілетін экспорт көлемін әлі де арттыру қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ Үкіметке шаруаларға бөлінетін мемлекеттік субсидияны реттеуді де жүктеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Билік ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан дамыту үшін көп жұмыс істеп жа­тыр. Алайда қомақты инвестиция құю қа­лаған нәтижеге жеткізе бермейді. Оның тиімді жұмсалуына баса назар ау­дару керек. Мен бұл туралы жуырда Тараз­ға барған сапарымда айттым. Іргелес елдердің бірде-біреуінде ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан мұндай ауқымды көмек көрсетілмейді. Ол жақтағы шаруалар Қазақстандағы әріп­тестеріне жақсы жағдай жасал­ға­нына таңғалып, оларды «аграрлық оли­гархтар» деп атай бастады. Дегенмен елі­міздегі шағын шаруашылықтар жет­кі­лікті көлемде субсидия ала алмай отыр. Үкіметке осы мәселеге айрықша на­зар аудару туралы тапсырма берілді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью