24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Елде ұзындығы жүздеген шақырым болатын инженерлік желі мен электр қуатын тарататын желілер салу керек.
Үкімет энергетикалық және коммуналдық нысандарды жаппай жаңғыртуға кірісті. Алғашқы нәтиже бар: қауіпті «қызыл» аймақта тұрған жылу электр станцияларының саны 19-дан 10-ға дейін азайды. Президент әбден тозып, әупіріммен әрең тұрған инфрақұрылымды қалпына келтіру жеткіліксіз екенін айтты. Жұмыс тәсілін өзгерту керек. «Салаға инвестиция салу үшін қолайлы жағдай жасап, нағыз нарықтық тетіктер қалыптастыру қажет» деді.