Қабырғаны тесіп кірген. Павлодарда банк бөлімшесін тонағандар Ресейде ұсталды

27.02.2026

Arasha.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Елімізде банкті тонағандар Ресейде ұсталды. Көрші елдің төрт азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот үй қамаққа алуға санкция берген. Қазір оларды ресейлік тәртіп сақшылары тергеп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

КТК телеарнасының мәлімдеуінше, күдіктілер бір жарым жыл бойы Иваново қаласында бой тасалап жүрген. Олар 2024 жылдың қарашасында Павлодар қаласындағы банк бөлімшесін тонаған. 

Бес қабатты үйдің төменгі қабатында орналасқан банктің қабырғасын ұрылар тесіп кірген. Әккі қылмыскерлердің қыбыр-сыбырын ешкім аңғармаған. Көршілері түнде ұрылар банк тонап жатқанда шыбынның ызыңын да естімедік деп таң қалған. 

Күдіктілер алтын бұйымдар мен бар ақшаны үптеп кеткен. Келтірілген шығын екі миллиард теңгеден асып отыр. Павлодарлық тәртіп сақшылары сол кезде қылмыстық іс қозғап, ұрылардың соңына түскен. Қазір олар көрші елдегі әріптестерімен бірге жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендердің басым бөлігі  Павлодар тұрғындары. Оның арасында бағалы зергер бұйымдарын банкке сақтауға тапсырғандар да бар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью