Қаһармандық қағидаты және заңгер қайраткерлігі

15.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Суретті түсірген – Игорь БУРГАНДИНОВ

Конференцияға модера­тор­лық еткен «Қазақ газет­тері» серіктес­ті­гінің бас директоры, академик Дихан Қамзабекұлы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісіне Сабыр Қасымовтың сіңірген еңбегі орасан зор екенін атап өтіп, «Қаһармандар» орталығының ғылыми, ағар­ту­шылық жобаларының маңы­зын жеткізді. 

Конференцияның алғашқы құт­тықтау сөзі мемлекет және қоғам қай­раткері Оралбай Әбдікәрімов­ке берілді. Экс-сенатор мерейтой иесімен сонау кеңестік кезеңде, осыдан қырық жылдай уақыт бұрын Қазақ КСР Орталық комитетінің аппаратында кездесіп, содан бергі таныстық уақыт өте келе жолдастыққа айналғанын ақтарыла айтып өтті. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен қайта қолға алынған қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жолында тарихымыздың жабық беттерін қайта ашып, бұл іске ұйытқы болған азаматтардың бірі Сабыр Қасымовтың атқарған жұ­мысы ұшан-теңіз екеніне тоқ­тал­ды.

– 2016 жылы «Қаһармандар» деген қор құрғалы жатқанын айтып, маған соның құжаттарын алып келіпті. Игі бастамасын бірден қолдай кеттік. Содан бері он жыл өте шығыпты. Ал 2024 жылы Мемлекет басшысының қолдауымен арнайы комиссия құрылып, бұл саладағы жүйелі жұмыс басталып кетті. С.Қасымовтың бұл бағытты таңдауы бекер емес. Ол сонау 1986 жылдан Желтоқсан көтерілісі құрбандарын, қуда­лау­ға ұшыраған азаматтарды ақтауды қолдап, Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырза Әлі сынды қайраткерлердің қасын­да еңбек етті. Жоғарғы кеңес комиссиясының мүшесі бола жүріп, көтеріліс құрбандарын ақтау, оларды қудаламау туралы шешімдер қабылдатуға барынша күш салды. Міне сол игі істің ізімен келген ой болуы керек, ертеректе репрессияға ұшыраған азаматтарымызды ақтау ісіне шындап кірісті, – деді О.Әбдікәрімов.

Одан кейін мінберге шыққан Қырымбек Көшербаев та мерейтой иесінің ұлтқа қалт­қысыз қызмет қылу жолындағы қайраткерлігіне тоқталды.

– Сұрапыл жылдары хал­қы­мыз­дың басына түскен нәубет пен қасіреттің ауқымын сараптасақ, «мың өліп, мың тірілген» қазақ­тың ашар­шылықтан, қуғын-сүргіннен көрген теперіштерден аман өтіп, тәуелсіз ел болғанына қайран қа­ла­сың. Сан рет қанаты қайы­рылып, топшысынан айырыл­ды. Бірақ иілсе де сынбады, бүгіл­се де жығыл­мады. Туа бітті қайсар­лы­ғы­ның, Тәңір маңдайына жазған ырыздығының арқасында арқауын үзбей бүгінгі күнге аман жетті. Соның бірден-бір зерттеушісі, соның бірегей жаршысы – бүгінгі мерейтой иесі Сабыр Қасымов, – деді Қ.Көшербаев.

Конференцияда сондай-ақ мем­лекет және қо­ғам қай­раткерлері Ирак Еле­кеев, Сауытбек Абдрах­ма­нов, Зейнолла Алшынбаев, Жақсыбек Құлекеев, Айдос Сарым, ақын  Баянғали Әлімжанов, ғалымдар З.Қабыл­динов, Берік Әбдіғалиұлы, С.Жәкішева, Е.Абайделдинов, Ш.Құрманбайұлы, Қ.Айтқо­жин, т.б. сөз сөйлеп, мерейтой иесінің өздері білетін әр қыры азаматтық болмысы тура­лы әңгімеледі. С.Қасымовтың Желтоқсан көтерілісінен кейінгі табанды еңбегі, заң шығару сала­сын­да­ғы біліктілігі де көп айтылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью