Qaitadan тағы да топ жарды

23.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фестиваль аясында Қазақстан, Қыр­ғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстан киногерлерінің үздік туындылары ұсынылды. Көрсетілім қорытындысы бойынша қазақстандық картина көркемдік шешімі мен мазмұндық тереңдігі арқылы бас жүлдеге лайық деп танылды.

Картина бұған дейін де кәсіби орта тарапынан жоғары бағаланған. Ол Қазақстандағы креативті индустриялар саласының беделді марапаты – STEPPE AWARDS сыйлығының «Кинематография» аталымы бойынша жеңімпазы атанған.

Иә, «Qaitadan» фильмі кейінгі жылдары отандық киноиндустриядағы айрықша табысқа жеткен жобалардың бірі ретінде бағаланып келеді. Фильм прокатқа шыққан алғашқы үш аптада 1 миллиард теңгеден астам қаржы жинап, отандық кинопрокат нарығында көш бастаған еді.

Жобаның жүзеге асуы 2023 жылы питчинг кезеңінде жеңіске жетуден басталып, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен толыққанды өн­діріске жол ашқан. Айтулы жетістік қазіргі қазақ киносының халықаралық деңгейге шы­ғу үдерісіндегі маңызды көр­сеткіштердің бірі ретінде қарас­тырылып отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью