Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Ұлттық статистика комитеті Қазақстанның қай өңірінде фастфуд бағасы қымбаттағаны туралы мәліметтерді жариялады.
Статистика мамандарының айтуынша, 2026 жылдың тамызында фастфуд қызметтерінің бағасы бір айда 0,1%-ға, ал бір жылда 10,2%-ға өсті.
Бір ай ішінде баға Түркістан облысында 1,2%-ға өсті. Қалған өңірлерде баға өзгерген жоқ.
"Бір жыл ішінде бағаның ең жоғары өсуін Ақтөбе (23,0%) және Ақмола (16,2%) облыстарының, Павлодар (15,7%), Түркістан (15,5%) және Атырау (13,6%) облыстарының тұрғындары сезінді", - деп жазылған хабарламада.
Бағаның ең төмен жылдық өсімі Маңғыстау (1,4%) және Қарағанды (4,0%) облыстарында тіркелді.