Қай жерде жаңбыр жауады, ал қай жерде жауын шашынсыз болады: Қазақстанда 15 тамызда қандай ауа райы күтіледі

15.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

"Қазгидромет" 15 тамыз, сенбіге арналған қалалардағы ауа райы болжамын ұсынды. Елдің оңтүстігінде, солтүстігінде, батысы мен шығысында аптап ыстықтан бастап, найзағайлы жаңбыр мен желдің күшеюіне дейін күтіледі. Кей жерлерде күндіз ауа температурасы 40 градустан жоғары көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Алматы - түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел батыстан соғады, кейін шығысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 38-40 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 41-43 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.

Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан соғады, кейін шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 24-26 градус жылы, күндіз 38-40 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 38-40 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Ақтау - көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.

Атырау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.

Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыс, солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.

Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.

Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 4-9, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Қостанай - бұлтты, ашық күндері болады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Көкшетау - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-ғығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, түнде 4-9, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.

Петропавл - бұлтты, түнде өткінші жаңбыр, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, түнде 9-14, күндіз 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.

Павлодар - көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.

Семей - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, түнде 2-7, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью