“Қайрат“ “Ақтөбе“ матчі: Алматы полициясы жанкүйерлерге ескерту жасады

16.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматыда "Қайрат" пен "Ақтөбе" футбол клубтары арасындағы матч алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қала полициясы жанкүйерлерге қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болатынын ескертіп, кез келген заңбұзушылыққа бірден жауап болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Алматыда "Қайрат" пен "Ақтөбе" футбол клубтары арасындағы матч алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қала полициясы жанкүйерлерге қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болатынын ескертіп, кез келген заңбұзушылыққа бірден жауап болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Қазақстандық командалар арасындағы ойын бүгін - 16 наурызда Орталық стадионда өтеді. Матчтің өтуіне байланысты құқық қорғау органдары спорт нысаны мен іргелес аумақта қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Алматы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдиновтың айтуынша, матч кезінде қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.

"Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қосымша полиция күштері жұмылдырылады, матч өтетін аумақ тұрақты бақылауда болады", - деді ол.

Полиция басшысы екі команданың жанкүйерлерін өз клубтарын қолдау кезінде тәртіпті сақтауға шақырды.

"Футбол – эмоция, қолдау және өз командаңа деген адалдық. Алайда баршаға ортақ бір қағида бар: заң мен қоғамдық тәртіп кез келген эмоциядан жоғары", - деді Айдын Қабдулдинов.

Полиция полиция өкілдері қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекетке жедел тосқауыл қойылатынын ескертті.

"Агрессия, арандату, балағат сөздер, қорлау, бұзақылық әрекеттер, сондай-ақ тыйым салынған заттарды пайдалану – мүлде жол берілмейтін әрекеттер. Мұндай жағдайларда полиция тарапынан жедел шаралар қабылданады. Құқық бұзушылар анықталып, әрбір дерекке құқықтық баға беріледі", - деді Алматы ПД басшысы.

Еске салайық, бұған дейін "Ордабасы" мен "Ақтөбе" жастар командалары арасындағы жолдастық матч жаппай төбелеспен аяқталған болатын. Жанжалға қатысқан ойыншылардың бірі ауруханаға жеткізілді, екіншісі қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью