Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматылық “Қайрат” футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаның ойынына бағалады, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты 1bol-ға сілтеме жасап.
“Қалмырза, әрине, ерекше мүмкіндік алды. Иә, бұл мүмкіндік негізгі ойыншылардың жарақатына байланысты туғаны өкінішті.
Бірақ Шерхан өзін өте сенімді ұстап жүр. Біз оның ойынына қуаныштымыз — ол шынымен де жақсы қақпашы.
Кейде алаңда ауыр соқтығыстар орын алғанда, еріксіз күліп ойлаймыз: "Тек жарақат болмасын, әйтпесе қақпада 16 жастағы бала қалуы мүмкін ғой", — дейді Боранбаев әзілмен.
Сондай-ақ Қайрат Боранбаев жас футболшыларға да сенім артып, олардың алдағы уақытта тәжірибесін жетілдіріп шыңдалатынын жеткізді.
— Біз жас футболшыларға сенім арта алатынымызды көріп отырмыз. Олардағы ынта мен деңгей қуантады.
Әрине, тәжірибе әлі аз, бірақ Шерхан бір жылдан астам уақыт "Қайрат-Жастар" сапында Бірінші лигада ойнады. Яғни ересектер футболын сезінді.