Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қалалық активтер мен мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Нұрлан Әлімжановтың сөзінше, биыл Астана әкімдігінің коммуналдық меншігінен жекеге сатылуға тиіс 4 нысанның ішінде Comfort Hotel Astana да бар.
- Қазір бұл нысан сенімгерлік басқаруда. Табысы жыл сайын 20 пайыз өсіп жатыр. Сенімгерлік арқылы басқарып отырған компанияның бірінші болып сатып алу құқығы бар. Жыл аяғына да дейін ол құқықтарын пайдаланбаса, ашық саудаға шығарамыз, - деді қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов.
Депутаттар ұсынысты бірауыздан мақұлдап, жекешелендіру тізімін бекітті.
Бұған дейін Астанадағы 17 паркингтің жеке меншікке сатылатынын жаздық.
Былтыр Қайрат Боранбаевтың бұрынғы мұнай компаниясы да жекенің қолына өтетінін жазған едік.