Қайрат Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын жеңіспен бастады

08.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтті.

Кездесудің 76-шы минутында «Қайрат» қорғаушысы Лукас Африкон есеп ашты. Алайда 90-шы минутта қонақтар сапынан Марко Мрвалевич таразы басын теңестірді.

Дегенмен қосымша уақытта алматылық клубтың шабуылшысы Марк Гуаль екінші голды соғып, өз командасына маңызды жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, «Қайрат» кездесудің 33-минутында да гол соққан болатын. Алайда төреші офсайд тіркеп, гол есепке алынған жоқ.

Қарымта кездесу 15 шілдеде Черногорияда өтеді. Оның қорытындысы бойынша келесі іріктеу кезеңіне жолдама алатын команда анықталады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью