Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
«Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалдық кездесуіне тыңғылықты дайындық үстінде.
Алматылықтар 23 ақпанда испаниялық «Картахена» клубын қабылдайды. Ойын ерекше маңызға ие. Себебі турнир тарихында жартылай финалдың жолдамасы алғаш рет екі матч қортындысында анықталады. Бүгін «Қайрат» футзал кубының өкілдері журналистермен кездесіп, сұхбат берді.
«Біз үшін жанкүйерлердің қолдауы маңызды», - дейді ойыншылар. Айта кетейік, өткен маусымда алматылық клуб Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, күміс жүлде иеленген. Ширек финал Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
Біржан Оразов, "Қайрат" футзал клубының капитаны:
- Картахенамен қиын ойын болады деп ойлаймын. Бізге усиление келді, 3 игрок келді бізге. Солар көмектеседі деген ойдамын. Әрине Картахенамен бізде ойын қиын болады, бірақ, бұйырса, болельщиктардың, жалпы атмосфераның және үйде ойнайтынымыз бізге өте қатты көмектеседі деген ойдамын. Рақмет!