Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчын өз алаңында бельгиялық «Андерлехтке» қарсы өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
УЕФА мәліметінше, кездесу 20 тамызда сағат 20:00-де Алматының Орталық стадионында өтеді.
Бұл матч «Қайрат» үшін Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу жолындағы шешуші қадамдардың бірі болмақ.
Алматылық клуб бұған дейін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьескасы» мен Кипрдің «Омониясын» жеңген. Алайда үшінші кезеңде болгариялық «Левскиден» жеңіліп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Бұған дейін «Левскиге» қарсы қарымта ойын Алматыдағы Орталық стадионда емес, Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткен еді. Бұған Алматыда америкалық рэпер Канье Уэстің концерті өтуі себеп болған.
Ал «Андерлехт» Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде швециялық «Хаммарбю» мен грек ПАОК командасын жеңіп, плей-оффқа шықты.