Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Әнші Қайрат Нұртас Қарттар үйіне барып, өнер көрсетті, - деп жазды Aikyn.kz.
Бұл қариялар үшін күтпеген тосынсый болған. Олар өнер иесіне риза болып, батасын берді. Әсерлі сәттің бейнежазбасын әншінің анасы, продюсер әлеуметтік желіде жариялады.
«Ақ Қайроштарыңыз жылда жетімдер үйіндегі балапандардың армандарын орындап қуантумен қатар қариялар үйіне де барып, көңілдерін көтеріп қайтуды тоқтатқан емес. Бұл жолы Атырау қаласында… Бәрінің де көз жастары алдағы уақытта тек қуаныштан болсын!» - деді Гүлзира Айдарбекова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.