Қайрат Нұртастың концертіне бармақ болған студент сан соғып қалды

13.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АЛМАТЫ, 13 маусым – Sputnik. Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы әнші Қайрат Нұртастың концертіне билет сатып алмақ болып, алаяққа алданып қалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Семей қаласының полициясына медициналық колледж студенті арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс адам әлеуметтік желі арқылы әншінің концертіне билет сататынын айтып, 10 мың теңгесін иемденген.

"Жәбірленуші ақшаны банк қосымшасы арқылы аударған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған қаражат иесіне қайтарылды", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью