Қайрат Олимпиакос : Астана аренадағы матч билеттері қалай сатылып жатыр

04.12.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Матч билеттері 28 қараша күні сатылымға шықты. Бір адам ЖСН арқылы екі билеттен артық ала алмайды. Билет бағасы — 15 000 — 50 000 теңге аралығында. Атап айтқанда:

• 4 санаттағы S және N трибуналары (оңтүстік және солтүстік) — 15 мың теңге;

• 3 санаттағы үстіңгі W және E трибуналары (батыс және шығыс) — 25 мың теңге;

• 2 санаттағы төменгі W және E трибуналары (батыс және шығыс) — 35 мың теңге;

• 1 санаттағы ортаңғы W3 — W7 трибуналары (батыс) — 50 мың теңге.

Бір аптаға жуық уақыт өтсе де, билеттерге жоғары сұраныс жоқ. Қазір 50 мыңдық орындар және батыс трибунаның төменгі 3 секторында (W4-W6), сондай-ақ S2 секторында орын жоқ. Ал 15 мыңдық оңтүстік және солтүстік трибунаның секторларында біршама билет сатылған. Қалған орындарда билет жетерлік.

Фото: Kazinform Фото: Kazinform

Алматылық командаға арналған әлеуметтік желідегі парақшаларда адамдар билеттердің баяу сатылуына байланысты әртүрлі пікір білдірген. Бірі «Қайрат» алматылық клуб, жанкүйерлерінің бәрі Алматыда» десе, екіншісі «Дастан болмайды, сондықтан шығар» деп жазған. Одан бөлек «қатты суық емес, Алматыда өткізуге болар еді» деп пікір қалдырған.

Фото: Kazinform Фото: Kazinform

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» футбол клубы УЕФА-мен бірлесе отырып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» (9 желтоқсан), «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтарын «Астана Арена» стадионына көшіретінін хабарлаған еді.

Оған дейін «Қайраттың» «Реал Мадрид» және «Пафос» командаларына қарсы ойындары Алматының Орталық стадионында өтті. Бұл матчтарға билет 30-250 мың теңге аралығында сатылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью