Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, көрермен ЖСДП туын көтеріп, жаппай іс-шара өткізу кезіндегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған. Тәртіп бұзушыны полиция қызметкерлері мен стадионның қауіпсіздік қызметі бірлесіп дереу ұстап, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізді.
Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жолданады.
Полиция спорттық іс-шараларды рұқсат етілмеген акциялар өткізуге жол берілмейтінін және мұндай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Айта кетейік, қос команда арасындағы матч 2:1 есебімен алматылық «Қайраттың» жеңісімен аяқталды. Нәтижесінде команда Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді.