Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ел чемпионы өз алаңында жанкүйерлер қолдауына қарамастан, қызылордалық ұжымды жеңе алмады. Қонақтар қорғанысқа басымдық беріп, матчты голсыз тең нәтижемен аяқтады — 0:0.
Осы кездесуден кейін де алматылық клуб турнир кестесінің көшін жалғастырып келеді. Команданың еншісінде 26 ұпай бар.
Бұған дейін Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын ұжым Қазақстан кубогында "дала қасқырларына" есе жіберсе, кейін ҚПЛ-2026 аясындағы кейінге шегерілген матчта оларды жеңген болатын.
ҚПЛ-2026-ның 11-туры 22 мамырда басталды. Сол күні өткен кездесулердің нәтижелері:
"Алтай" – "Оқжетпес" – 0:1"Астана" – "Ұлытау" – 3:0"Каспий" – "Ертіс" – 2:2Бүгін сондай-ақ "Жетісу" мен "Атырау" Талдықорғанда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Ал "Елімай" өз алаңында "Жеңіс" клубын 2:1 есебімен жеңді.
Қазір 11-турдың соңғы алдындағы матчы өтіп жатыр: "Ақтөбе" өз алаңында "Қызылжар" командасын қабылдауда. Әзірше есеп ашылған жоқ — 0:0.
Ал турдың соңғы ойыны Қостанайда өтеді. Онда "Тобыл" мен "Ордабасы" кездеседі.