Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды

16.01.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қайрат Тұрсынханұлы жаттықтырушылар жұмысын үйлестіріп, дайындық жоспарына жұмыс істейді.

Қайрат Сәтжанов – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, әр жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Жуырда бокс федерациясы Қ.Сәтжановтың денсаулығына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен босатылғанын хабарлаған болатын. Әйтсе де оның қызы әлеуметтік желіде әкесінің денсаулығы жақсы екенін жазған болатын. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігі мен елордадан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстағанын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью