Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Алғашқы кездесуде алматылық команда 1:0 есебімен кипрлік құрамаға есе жіберді. Ойында «Омония» қорғаушысы Него 34-минутта қызыл қағаз алып, команда кездесудің қалған бөлігін 10 ойыншымен өткізді.
Өткен маусымда да «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Финляндияның КуПС командасына сырт алаңда 2:0 есебімен жол берген болатын. Алайда өз алаңындағы кездесуде 3:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өткен еді. Осылайша клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтіп, «Реал Мадрид», «Интер», «Арсенал» секілді еуропалық грандтармен тартысқа түсті.
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үш голкиперінің бірі атанды
Айта кетейік, «Қайрат» – «Омония» матчы бүгін Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салайық, алматылық клуб бұған дейін өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңген еді.