Қайратқа демалу керек : Медеу Арынбаев өнердегі інісі жайлы бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)

24.12.2025

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақ эстрадасының белгілі өкілі Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас пен оның шығармашылығына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әншінің айтуынша, Қайраттың еңбегі елеулі болғанымен, қазіргі кезеңде оған демалып, күш жинау маңызды.

"Қайратқа демалу керек. Егер оның дауысы мүлде жарамсыз болса, халық мұнша сүйіп, көтермес еді. Халық бекер айтпайды. Ол өзіне тән ерекше ырғақ пен "ыңырсу" мәнерін тапқан. Бұл – қобыздың сарыны сияқты, қазақтың жан дүниесіне жақын дыбыс элементі", – деді Медеу Арынбаев.

Сонымен қатар ол Қайрат Нұртасқа кәсіби мамандардың көмегіне жүгінуді де ұсынды.

"Ол фониатрға барып, дауысын емдеткені дұрыс. Себебі бұл оңай жұмыс емес. Біз сияқты айына бір рет сахнаға шықпайды. Ол күн сайын дерлік жолда, тойда, концертте жүр. Мұның бәрі үлкен күш пен сақтықты қажет етеді", – деп түйіндеді әнші.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью