Қайта өңдеу саласының ілкімді істері

23.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Олар басқармаға тір­келген үйлердің қора­жайлары мен мал ұс­тайтын шаруашылықтардың қора-қопсыларына арнайы дәрі шашты. Қ.Базарбеков базаға тір­келмеген азаматтар кенеге қарсы бүрку жұмысын өз қаражаты есе­­бінен атқаратынын жеткізді. Бас­қарма тарапынан масаға қар­сы дезинфекциялау да кестеге сай жүргізіліп отыр. Ол наурыз-тамыз айлары аралығында іске асырылады. Жоспар бойынша 2,6 млн шаршы метр аумақ зарарсыздандырылады. Оған саябақтар мен гүлзарлар, өзен-көл жағалаулары кіреді. Дезинфекциялаудың І ке­зеңі наурыз айының соңында бас­талды. Кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру ісі де қарқынды жүргізіліп келеді. Осы мақсатта мердігер компания анықталып, дәрілеу жұмысын іске асыратын мамандар мен техника бөлінді. Қоқыс контейнерлері, басқа да кеміргіштер жүретін аумақтар дәріленді. Оның жалпы ауданы 1,6 млн шаршы метрді құрады. Залалсыздандырудың ІІ кезеңі енді басталады. Жоспарға сәйкес саяқ, яғни үйірсіз шегірткеге қарсы дезинфекциялық іс-шара­лар мамыр-шілде айларында атқарылады. Бүгінде 300 гектар егіс­тік алқап залалсыздандырылды. Қалған мың гектар алқапты дәрілеу белгіленген мерзім ішінде аяқталады. Осылайша, басқарма за­рарсыз-дандыруды 4 ба­ғыт бо­йынша атқарып отыр.

«Кенеге қарсы дезинфекция – өте маңызды іс-шара. Ол жергілікті атқарушы билік тарапынан қатаң бақылауға алынған. Кенелерді жою үшін әсері күшті құрғақ ұн­тақ дәрілер пайдаланылады. Бас­қарма мамандары дәрілеп кеткен аймақтар қайта тексеріліп, нәтижесіне орай құқықтық баға беріледі. Көп жағдайда кенелер адамдар демалатын көк майсалы табиғат аясында кездеседі. Биыл Шымкент қаласының тұрғындарын Түркістан облысына қыдырып барған кезде кене шағу деректері тіркелген. Көктем айларында кө­біне қала тұрғындары ауылдарына мал қарасуға, егін егісуге көмектесу үшін барады. Сондай кезде қырықтық, мал тоғыту барысында кене шағу оқиғасы болды. Мұндай жағдайда зардап шеккен адам бірден медициналық көмекке жүгінуі шарт.

Басқарма тарапынан жұмысшы топ құрылып, ватсапта чат ашылды. Сонда мал ұстайтын жандарға қора-қопсыларын меха­никалық тазалаудан өткізу туралы өтініштер айтамыз. Қорадағы қи ойылып, кенелер індерінен шық­­пайынша, дәрілеу оң нәтиже бер­мейді. Халық бірінші кезекте соны түсінсе екен дейміз. Яғни залалсыздандыру ісінде басқарма мен жергілікті тұрғындар бірдей жауапкершілік арқалайды. Жал­пы, залалсыздандыру 2 кезеңге бөлінген. Көктемде І кезеңді аяқтап, күзде ІІ кезеңге көшеміз. Осы аралықта 4,6 млн шаршы метр аумақты дәрілеп үлгеруіміз керек. Статистика бойынша биыл 400-ге жуық кене шағу фактісі тіркеліп отыр. Былтырғы тиісті ке­зеңмен салыстырғанда көрсеткіш 200 адамға азайған. Статистикалық көрсеткіштің жақсаруына бірінші кезекте дер кезінде атқарылған дезинфекциялық жұмыс оң әсерін тигізіп отыр деп есептеймін. Заң бойынша қалада мал, ит асырайтын азаматтар ИСЖ базасына тіркелуі қажет. Біз сол арқылы жануарларға 10 түрлі қауіпті ауруға қарсы тегін вакцинация жүргіземіз. Және электронды базадан төрт түлік мал мен ит-мысықтардың жағдайын біліп отырамыз. Базаға тіркелу бізге қауіпті ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Ережеге сай тіркелмеген жағдайда тиісті жауапкершілік қаралған. Мәселен, соңғы мәліметке сәйкес 86 тұлғаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды. Егер заңбұзушылық қайталанса, айыппұл сомасы қо­сымша еселенеді. Көшедегі бұралқы иттерді аулау басқар­маның міндетіне кіреді. Жыл басынан бері 30 мыңға жуық ит ауланды. 400 итті мейірімді жандар асырап алды. Ауланған иттерді мұқият тексереміз. Егер ешқандай кінәрат табылмаса, базаға тіркеп, сырғасын салып, химиялық кас­трациядан өткізіп, қайтадан еркіне жібереміз. Ал қандай да бір қауіпті байқасақ, ізгілік жолмен жансыздан­дырылады. Былтырғы дерек бойынша қалада 50 мың ит ауланды. Қуанышқа орай кейінгі жыл­дары ешқандай құтыру ау­руын жұқтырған оқиғалар болған жоқ. Жоғарыда айтып өткенімдей, бұл жерде де басқарма мен жеке азаматтардың жауапкершілік міндеттері бірдей деп түсінемін. Ит асыраған әрбір азамат міндетті түрде оны басқарманың базасына тіркетуі әрі үй жануарының өзгелерге қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет. Сонда ғана қауіпсіз қоғам құра аламыз. Ит-мысықтар өте тез көбейеді. Бұралқы иттердің азаймауына бір шетінен тұрғындар да кінәлі. Олар туған иттердің күшіктерін әр жерге тастап кетеді. Қазіргі таңда Ақтас елді мекеніндегі питомникте 400-дей ит асыраулы. Оларға ветеринарлар жан-жақты күтім жүргі­зе­ді. Үй жануарларына 3 мезгіл тамақ қарастырылған. Ит-мысықтар күтіміне арналған орын осыдан екі жыл қала әкімдігінің қолдауымен ашылған», деді Қ.Базарбеков.

Маманның айтуынша, ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік бағасын реттеумен де айналысады. Бұл мақсатқа орай арнайы тұрақтандыру қоры құрылған. Бүгінгі таңда тиісті министрлік әлеуметтік азық-түлік түрлерін 19 атаудан 31-ге өсірді. Осы ретте басқарма қарапайым тұздан бас­тап нан өніміне шейін бағасын бақылап отырады. Әкімдік 70-ке жуық сауда орындарымен тіисті келісім­шарт жасасты. Әр тоқсан сайын жергілікті атқарушы билік бағаны бекітіп береді. Заң бо­йынша әлеуметтік тауарларға қойылатын үстемақы 15%-дан аспауы шарт. Егер бұл талап орындалмаса, кәсіп­кер­­лерге 5-300 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Осы күнде 200-ден астам бизнес субъектісі талапты бұзғаны үшін айыппұл арқалады. Жоғарыда аталған 31 әлеуметтік тауардан басқа азық-түлік өнімдері бәсекелестік нарық заңына сәйкес еркін бағада сатылады. Сонымен бірге жергілікті әкімдік қаланың бес аумағында тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізіп тұрады. Онда барлық тауар­лар базар нарқынан 5–10% пайыз арзан бағада халыққа ұсынылады. Маманның айтуынша, бүгінгі таңда азық-түлік өнімдерінің баға индексі тұрақты қалпында, тауарларға қатыс­­ты ешқандай тапшылық жоқ. Тұрақтандыру қоры негізінен сауда орындарына азық-түлік өнімдерін арзанға сату үшін айналымға тиісті қаражат береді. Сонымен бірге әкімдік тауардың өндірушіден тұтыну­­шыға жеткенге дейінгі жол­дарын бақылайды. Яғни сау­да нүктелері немесе делдалдар азық-түлік бағасына үстемақыны тым асырып жібермеуі керек. Тұрақ­тандыру қорында арнайы ко­мис­сия құрылған. Оған қала әкімі­нің орын­басарынан бастап барлық құзырлы органның өкілдері кіреді. Комиссияның міндеті бағаны әдейі қолдан өсіру мақсатында нарықта сөз байласуға жол бермеу болып табылады.

Қ.Базарбековтің мәлімдеуін­ше, жергілікті ауыл шаруашылы­ғы тауарларын өндірушілер­дің мегаполис нарығындағы үлесі 0,6 %-ды құрайды. Шымкент мегаполис мәртебесін алғалы ауыл ша­руа­шылығы қайта өңдеу саласына бет бұрып келеді. Осыған байланыс­ты қияр, қызанақ өсіретін өндіріс­тік жылыжайлар мен тауарлы сүт фермалары арта бастады. Әкім­дік тарапынан шаруаларға жер салығын азайту бойынша көмек берілді. Жер салығы 90 мыңнан 45 мың теңгеге азайтылды. Бүгінде қалада 120 гектар жылыжай кешен орналасқан. Онда өндірілген өнім жергілікті сауда орындары мен басқа өңірлерге жөнелтіледі. Шаруа­лар көкөніс өсіруде агро­сектордың заманауи технология­ларын қолданады. Сонымен бірге жылыжай кешендерінде табиғи таза өнімдер өндіріледі. Органи­калық препарттарды қол­данудың арқасында диқандар эко­логиялық таза өнімдер алуға қол жеткізді. Сондай-ақ жыл он екі егін егілетін жылыжайларда жергілікті халық өзіне тұрақты жұмыс тауып отыр. Әсіресе маусым кезінде күнделікті төленетін еңбекақы мөлшері еселеп артатыны белгілі. Одан бөлек жоғары оқу орны мен колледждерде даяр­ланатын агроном, басқа да ауыл шаруашылығы саласы мамандары жылыжай кешендері мен далалы егін алқаптарында оқу-өндірістік тәжірибеден өтіп, білімдерін шың­дайды. Статистикалық дерекке сүйенсек, өткен жылы мегаполистің ауыл шаруашылығы 58,2 млрд теңе көлемінде өнім өндірген. Осы ретте мамандар жыл сайын агросектор табысы 6% артып келе жатқанын жеткіз­ді.

Басқарма тарапынан алын­ған ресми мәліметке сәйкес бүгінде қала аумағында 21,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар – 6,4 мың га; майлы дақылдар – 3 мың га; мал азықтық дақылдар – 9,9 мың га; көкөніс пен бақша дақылдары 1,8 мың га құрайды. Су тапшылы­ғы жағдайында егіс алқаптарын­да су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологиялары кезең-кезеңімен енгізілу үстінде. Қазіргі таңда қала бойынша 53 шаруашылық су үнемдеу әдістерін қолданып, нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі бірнеше есе артты. Бұл технологиялар су шығынын азайтуға, өнімділікті ұлғайтуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді дейді мамандар. Мәселен, Нұршуақ елді мекені аумағында орналас­қан «Бақыт» ЖШС Шымкент қала­сында алғашқылардың бірі болып Valley жаңбырлатқыш суару машиналарын іске қосып, 80 гек­тар жерге малазықтық дақыл – жоңышқа егіп отыр. Аталған заманауи суару жүйесі егістікті біркелкі суаруға, еңбек өнімділігін арттыруға және су ресурстарын 30–40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік сыйлайды. Сонымен қатар басқарма мамандарының мәлімдеуінше, егін шаруашылы­ғын қолдау мақсатында 2026 жыл­ға шаруашылықтардан жалпы көлемі 553 тонна дизель отынына өтінім қабылданды. Көктемгі дала жұмысына 312 тонна же­ңілдетілген дизель отыны шаруашылықтарға үлестірілді. Арзандатылған бағадағы жанар­майдың 1 литрі 281 теңгеден босатылды.

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіштерге кел­сек, ауыл шаруашылығы өнім­дерінің көлемі 24,1 млрд теңгені құрады. Немесе 2025 жылдың тиіс­ті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 5,8%-ға артқан. Оның ішін­де мал шаруашылығы 107,1% ­­(19,7 млрд тг), егін шаруашылығы ­100%-дық табысты (4,2 млрд тг) құра­ды. Мамандардың пікірінше, бұл өсім мал шаруашылығы өнімдері­нің ­артуы есебінен бол­ған. Оның дәлелі, сүт өндіру – 13%-ға (32,1 мың тонна) ал тауық жұмыртқасы 12,1%-ға (100,0 млн дана) артқан. Одан бөлек қала аумағында осы жылдың 1 мамы­рындағы жағдайға сәйкес 89,6 мың ірі қара мал, 97,5 мың ұсақ мал (қой мен ешкі), 20,8 мың жылқы, сон­дай-ақ 1,1 млн құс тіркелген.

Бүгінде Шымкентте жалпы саны 50-ден астам қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істеп, өнім шығарып отыр. Олардың қатарында ұн, май, макарон, сүт, ет, көкөністерді қайта өңдейтін өндіріс орындары бар. Соның ішінде сүт өңдейтін 13 кәсіпорын сарымай мен қатты ірімшік өн­діреді. Шаһарда шетелдік инвес­торлардың қатысуымен ірі инвес­тициялық жобалар іске асып жатыр. Соның бірі – жалпы аумағы 650 гектарды құрайтын «Alsera KZ» заманауи жылыжай кешені. Жоба толық іске қосылған кезде жылына 155 мың тонна өнім шығарылып, шамамен 5 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Мұнымен қоса Қаратау ауданы, Мәртөбе тұрғын алабында «FABE Agro» ЖШС 144 гектар аумақта жоғары технологиялы жылыжай салуды бастап кетті. Жалпы, жергілікті әкім­дік ауыл шаруашылығы саласына бұдан басқа да әлеуетті инвесторларды тарту ісін үздіксіз жалғастырып келеді.

«Қайта өңдеу саласының әлеу­меттік маңызы өте зор. Өйткені осы арқылы елімізде жұмыссыздық мәселесі өз шешімін табады. Сон­дай-ақ жаңа кәсіпорындардың пайда болуы, олардың өнім өндіріп, бюджетке табыс әкелуі жалпы эко­но­­миканың өсуіне алып келеді. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібі саласын дамыту елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кең мүмкіндік ашады. Қайта өңдеу өнеркәсібінің шикізатын беретін ауыл шаруашылығы. Сондықтан бұл салаға мемлекет, оның ішінде жергілікті атқарушы билік баса көңіл бөліп отыр. Қала әкімдігі ауыл шаруашылығын тиімді игеру үшін пайдаланатын заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды іске асыруға айрықша назар салатын болады. Оның бір айғағы – жоғарыда аталған су үнемдеу технологиялары. Қысқасы мегаполис агросекторы технологиялық даму көшінен артта қалып кетпеуге тиіс», деді Қ.Базарбеков.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью