Қайта түлеген кітапханалар

30.12.2025

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Биыл Ертіс-Баян өңірінде төрт кітапхана жөндеуден өтіп, цифрлық жүйеге көшті. Соның ішінде республикалық жоба аясында бюджеттен тыс қаражат есебінен Павлодар қаласындағы екі кітапхана кешенді түрде жаңғыртылды.

Суреттерді түсірген – Валерий БУГАЕВ

Мәселен, То­рай­ғыров көше­сіндегі орталық қалалық кітапханалар жүйе­сінде 270 мыңнан астам кітап бар. Ал цифрлық жүйеде 85 мыңы енгізілген. Бүгінде ағаш сөрелерінің орнына 2 мыңнан астам кітап сыятын 16 қозғалмалы сөре орнатылған.

Мердігерлік ұйымның өкілі Александр Цойдың айтуынша, кітапханада орнатылған өзін-өзі бас­қару терминалы арқылы кітапханашының көмегіне жүгінбей-ақ, Алматы кітап­хана жүйесіндегі кітаптарды да онлайн оқу мүмкіндігі бар. Бұған жаңа жабдықтағы RFID-технологияның енгізілуі себеп. Осыдан бірнеше жыл бұрын кітаптарды штрих-код арқылы тіркесе, бұдан былай аталған әдісті қолдану арқылы оқыр­ман таңдаған кітабын үй жағдайында да оқи алады.

– Кітапханалардың мазмұндық әлеуетін барынша арттырып, балалар мен жастарды белсенді тартуды тапсырдым. Олар қала тұрғындары үшін тартымды рухани орталыққа айналып, оқу мәдениеті мен білімге құштарлықты қалыптастыратын маңызды кеңістік болуы тиіс. Қазіргі уақытта сұранысқа ие әдебиеттерге қызығушылық таныту керек. Әсіресе қар­жылық сауаттылықты дамыту мақсатында экономика, кәсіпкерлік бағытта ізденген абзал. Ол отбасылық бюджетті қадағалауға, сондай-ақ алаяқтарға алдан­бауға септігін тигізеді, – дейді өңір басшысы Асайын Байханов.

Сондай-ақ облыс орта­лығындағы Мүбәрак Жа­манбалинов атындағы балалар кітапханасы да жаңартудан өтті. Мұнда оқу залы, мәжіліс залы және балалар бөлімдері бар. Жаңартылған ғимаратта оқушылардың ыңғайына қарай қозғалмалы жиһаздар мен сөрелер, жұмсақ дивандар орнатылған. Сондай-ақ театр сабақтарына ар­налған шыны қабырға құрылған. Яғни ата-аналар балаларының дайындығын өз көзімен көре алады.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью