Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Елде заңсыз активтерді қайтару науқаны басталғалы 51,1 миллиард теңгенің мүлігі сатылған.
165 мүлік аукционға шығарылып, 38 миллиард теңгеден астам қаражат арнаулы мемлекеттік қорға аударылды. Бүгінге дейін 114 лот сәтті саудаланды.
Бұған қоса екі жылда жалпы құны 95,4 млрд теңгені құрайтын 64 актив компания иелігіне өтті. Бұл тізімде жылжымайтын мүлік, көлік және компаниялардағы үлестер бар. Бұдан бөлек, 196 зергерлік бұйым қабылданды. Қазір компанияның портфелінде бүгінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жылжымайтын мүлік нысандары бар. Одан бюджетке тұрақты түрде түсім түсіп отыр. Тағы жалпы құны 27,8 млрд теңгеге бағаланған 31 актив мемлекет меншігіне өтті.
Енді шетелдік активтерге тоқталсақ. Біріккен Араб Әмірлігінде 4, Түркияда 3 нысан сатылды. Ал Францияда 4 актив балансқа қабылдану сатысында.
1) ₸51,1 миллиард - 165 актив сатылды
Арнаулы мемлекеттік қорға - ₸38,3 млрд
653 аукцион - 114 лот
2) Компания басқаруына:
₸95,4 млрд - 64 актив қабылданды (жылжымайтын мүлік, көлік, компаниялардағы үлестер)
196 зергерлік бұйым
Мемлекеттік меншікке:
₸27,8 млрд - 31 актив
3) шетелдік активтер:
БАӘ - 4 нысан сатылды
Түркия - 3 нысан сатылды
Францияда - 4 актив балансқа қабылдау сатысында