Қайтарылған активтер есебінен 6 спорт ғимараты салынады

04.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Президент тапсырмасы бойынша Үкімет Арнайы мемлекеттік қор қаражатын спорт инфрақұрылымдарын дамытуға тартып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: svidok.info

Сала министрі Ақмола өңірінің Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы аяқталғанын атап өтті. Ал 3 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар – Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Алматы облысындағы спорт кешені және Көкшетаудағы көпфункционалды кешен.

«Қазір жаңа 6 нысан бойынша өтінім жолданды. Олар – Түркістан облысы Бақыбек ауылы, Алматы облысы Шеңгелді және Заречный кенттері, Қостанай облысы Арқалық және Лисаков қалаларындағы, сондай-ақ Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешені», деді Ербол Мырзабосынов.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью