Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару тек қаржылық көрсеткіш емес, оның артында нақты әлеуметтік маңызы бар жобалар мен адамдардың тағдыры жатыр. Бұл – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды тетігі. Соның айқын дәлелі ретінде Шымкент қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің жағдайы күрделі болған. 1975 жылы салынған ескі ғимаратта орын тапшылығы болып, 125 орынға есептелген нысанда 290 бала тұрған. Инфрақұрылымның тозуы балалардың өмір сүру сапасына да әсер еткен.
«Жаңа жатақхана бұл мәселелерді толық шешуге бағытталған. Жалпы ауданы 8288,70 шаршы метрді құрайтын нысан 300 орынға арналған және заманауи стандарттарға сай салынған. 3,5 гектар аумақта балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін футбол алаңы, воркаут аймағы, ойын және демалыс алаңдары қарастырылған», делінген жазбада.
СҚО-дағы ауылға қайтарылған қаржы есебінен ауыз су құбыры тартылды
Ғимарат ішінде ұлдар мен қыздарға арналған бөлек тұрғын блоктар, заманауи медициналық кабинет, кең ойын бөлмелері және балалардың дамуына қолайлы басқа да функционалдық кеңістіктер бар. Бұл тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жобаны жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайтарылған активтер мен оларды сатудан түскен қаражат жинақталған Арнаулы мемлекеттік қордан 2,6 млрд теңге бөлінді.
Бас прокуратураның мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып жатыр. Қайтарылған қаражат есебінен ел бойынша шамамен 500 млрд теңгеге 440 әлеуметтік және коммуналдық нысанның құрылысы қаржыландырылды. Олардың 319-ы қазірдің өзінде пайдалануға берілген. Бұл қатарда мектептер, ауруханалар және сумен жабдықтау жүйелері бар.
Жауапты органдардың айтуынша, қайтарылған әрбір теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс. Бұл қаражат әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Демалыста жұмысқа жеккен: Алматыда офицер бағынушысына күш қолданғаны үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:51
Мұраға қалған мүлікті қалай дұрыс рәсімдеу керек?
Қоғам • Бүгін, 16:40
Елордада самокаттардың тіркеу нөмірлерін автоматты түрде тану жүйесі енгізілмек
Елорда • Бүгін, 16:31
Әділет департаментінің түсіндірмесі: Сот актілерін қайта қарау туралы азаматтар нені білуі керек?
Заң • Бүгін, 16:18
Әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингі жарияланды: Қазақстан нешінші орында тұр?
Қазақстан • Бүгін, 16:10
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынған әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 15:51
Олжас Бектенов: Геологиялық барлау саласы отандық өнеркәсіптің стратегиялық негізіне айналды
Үкімет • Бүгін, 15:47
Петропавлдағы көпқабатты үйден өрт шықты: 13 адам эвакуацияланды
Қоғам • Бүгін, 15:35
Алматы зообағында туған жолбарыс күшіктері белсенді бола бастады
Табиғат • Бүгін, 15:30
Инфрақұрылымды жою қаупі: Трамп Иранға тағы да сес көрсетті
Әлем • Бүгін, 15:22
Елімізде орташа жалақы мөлшері қанша теңге?
Қаржы • Бүгін, 15:13
Ел тұрғындары табысының басым бөлігін азық-түлікке жұмсайды
Қоғам • Бүгін, 15:10
Алматыда дүнген этномәдени орталығы Тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтады
Қазақстан • Бүгін, 14:54
Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:48
Алматы облысында жол опырылды: Қозғалыс уақытша шектелді
Алматы • Бүгін, 14:30