Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысының ауылдарын сумен жабдықтауға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 15,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкімет.
Жалпы аймақта сумен жабдықтау бойынша 12 жоба арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда 4 нысан пайдалануға берілді, қалған 8 нысандағы құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
"Мәселен, қазірдің өзінде төрт елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында Қызылшарық, Жаңаөткел және Жұма ауылдарында жұмыстар аяқталды. 300-ден астам адам тұратын Талас ауданы Қараой ауылында су құбыры іске қосылды. Бұрын ол жерде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған", - деп жазылған хабарламада.
Жобаның жалпы құны 933,4 млн теңгені құрады, оның 106,7 млн теңгесі тікелей арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді.
Осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған 8 нысанда жұмыс жалғасып жатыр. Бұл облыстың шалғай аудандарындағы жобалар.