Қайтарылған активтің игілігі

25.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді қайтарудан түскен қаржыға түрлі нысан салынып жатыр. Сондай екі нысанның құрылысы Қызылқоға ауданында қолға алынды.

Оның бірі – теміржол бойында орналасқан Жамансор елді мекенінде басталған мектеп-интернаттың құры­лы­сы. Шағын ауылда мектеп жасындағы 200-ге жуық бала бар. Мұнда бас­­тауыш ­сыныптың оқушылары 60 орынға бейімделген ғимаратта білім алады. Алайда мектепке бейімделген нысанда спорт пен мәжіліс залы жоқ.

Былтыр бастауыш сыныптар мен дайындық топтарында 64 бала тіркеліпті. Ауыл тұрғындарын жоғары сыныптардың оқушылары Атырау мен Құлсары қалаларындағы, Мақат, Мұқыр стансаларындағы мектеп-интернатта оқып жүргені қынжылтады. Сол себептен былтыр аталған елді мекенде қайтарылған қаржыға мектеп-интернаттың құрылысы басталды. Білім беру нысанында екі блок қарастырылыпты. Блоктың бірі – 80 орындық мектеп, ал екіншісі – 30 орынға есептелген интернат.

Қызылқоға ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, білім ордасының құрылысына қайтарылған қаржыдан
2 млрд 89 млн теңге бөлініпті. Құрылыс жұмыстарын «Жиенбай» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Мектеп-интернаттың құрылысын биыл толық аяқтау көзделіп отыр. Демек, өзге білім ордаларына қатынап оқып жүрген жамансорлық оқушылары алдағы жаңа оқу жылында ауыл мектебіне барады.

Ал екінші нысан – Миялыдан Тайсойған ауылына тартылып жатқан су құбыры. Оның құрылысын «Сапа құрылыс 2007» ЖШС жүргізуді қолға алды. Аталған жоба аясында жалпы ұзындығы 73,5 шақырым магистралды су құбырын тарту, 12 су ұңғымасын қазу көзделіп отыр. Қазір мердігер мекеме барлық ұңғыманы толық қазып, 66 шақырым су құбырын жүргізіп үлгерді. Енді полиэтилен құбырларын біріктіру жұмысы екі учаскеде қатар атқарылып жатыр. Бұдан соң су айдау нысандарын салу жоспарланыпты.

«Жобаның жалпы құны 6 млрд 877 млн теңгеден асады. Оның ішінде 5 млрд теңге елімізге қайтарылған активтер есебінен бөлінді», деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Тайсойған – Қызылқоға ауданында 2006 жылы құрылған округ. Мұнда 2010 жылы 220 оқушыға есептелген мектеп, 2015 жылы дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Үш жыл бұрын аудан орталығы Миялыдан аталған ауылға қарай 45 шақырымды құрайтын қатқыл табанды тас жолдың, кейін спорт кешенінің, балаларға арналған ойын алаңының құрылысы басталды. Қазір округте 60-тан астам шаруа қожалығы, төрт кәсіпкерлік дүкен ашылған. Үш кәсіпкер жолаушылар тасымалымен айналысады. Ауыл тұрғындары газ желісімен, телефон байланысымен, кітапхана, клубпен қамтылып отыр.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты

Туризм • Бүгін, 08:25

«Экологиялық биоинженерия ғылымын дамыту өзекті»

Сұхбат • Бүгін, 08:20

100-ге жуық байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 08:17

Асыл тас хикаясы

Таным • Бүгін, 08:15

Қоныс аударушыларды қолдайды

Қоғам • Бүгін, 08:12

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10

Жадымызды жаңғыртқан сайыстар

Мирас • Бүгін, 08:05

Гендерлік саясат саласындағы оң өзгерістер

Саясат • Бүгін, 08:02

Ілиястың Қызылордадағы іздері

Көрме • Бүгін, 08:00

Үшем өмірге келді

Қоғам • Бүгін, 07:55

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Елорда • Бүгін, 02:45

Ғылым қалашығында қоныс той

Қоғам • Кеше

Жалпыұлттық коалиция Қарағанды облысында бірқатар кездесу өткізді

Ата заң • Кеше

2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елдімекендердің ертеңгі тағдыры қандай?

Аймақтар • Кеше

Яна Легкодимова ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью