Қайтарымсыз грант алу үшін қандай талаптар бар маман кеңесі

01.05.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

– Егер сіз белгілі бір жобаны жүзеге асырғыңыз келсе, грант сол идеяға беріледі. Кәсіпті бастап, оны аяққа тұрғызғаннан кейін атқарылған жұмыс бойынша есеп тапсырасыз. Яғни ешкімге ақша негізсіз берілмейді, – дейді ол Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында.

Сарапшының айтуынша, грант алып, кәсібін бастап, кейін жұмысын тоқтатып жатқан азаматтар да кездеседі.

– Статистикаға сүйенсек, грант алып, кәсіп бастап, көп ұзамай жұмысын тоқтатып жатқан адамдар да аз емес. Әдетте кәсіп ашқысы келетін азаматтарға 1-1,5 млн теңге көлемінде қаражат беріледі. Оны өндіріс, сауда немесе қызмет көрсету саласына жұмсауға болады. Алайда өндіріс саласын бастау үшін 1 млн теңге жеткіліксіз. Ал қызмет көрсету бағытында оқу орталықтары, сән салондары немесе кондитерлік өнім шығару секілді кәсіптер ашуға мүмкіндік бар, – дейді бизнес-жаттықтырушы.

Оның мәліметінше, бүгінде Қазақстанда қайтарымсыз гранттардың 15-тен астам түрі бар. Грант көлемі жобаның ауқымына қарай 1 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейін жетеді.

– Қазір қайтарымсыз гранттардың талаптары біршама күшейтілген. Грант алғысы келетін азамат әлеуметтік кәсіпкер немесе әлеуметтік осал топ өкілі болуы керек. Біздің елде 15-тен астам қайтарымсыз грант түрі бар. Оның көлемі 1 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейін жетеді. Мысалы, 100 млн теңгелік гранттар ірі өндіріс орындарына берілсе, 1 млн теңгелік гранттар шағын кәсіп бастаушыларға арналған, – дейді Самал Атагелді.

Маманның пікірінше, қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік бағытындағы жобаларға мемлекет тарапынан қолдау жоғары. Алайда мұндай гранттарды алу үшін қоғамға пайдалы жобалар ұсынып, әлеуметтік осал топтағы азаматтарды жұмыспен қамту қажет.

– Қазір Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерге ерекше қолдау көрсетіліп жатыр. Сондықтан олар шамамен 5 млн теңгеге дейін грант ала алады. Ол үшін қоғамға пайдалы әлеуметтік жобалар әзірлеп, әлеуметтік осал топтағы адамдарды жұмыспен қамту қажет. Алайда мұндай талаптармен бәрі бірдей келісе бермейді. Құжат жұмысы да көп. Сондықтан грантқа ғана сенбей, кәсіп бастағысы келетін адам өзі тұратын өңірде қандай сала сұранысқа ие екенін зерттеп, сол бағытта жұмыс істегені дұрыс, – дейді ол.

Бұған дейін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына қалай қатысуға болатыны туралы жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью