Қайтыс болған адамдарға қызмет көрсеткен : Павлодарда медицина саласында заңбұзушылық анықталды

20.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Облыстық прокуратура мәліметінше, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да тар бейінді мамандардың қабылдаулары қайтыс болған адамдарға, акушер-гинеколог дәрігердің консультациялары ер адамдарға «көрсетілген». Емдеу қызметтерін қайталау арқылы қосарланған төлем жасау жағдайлары тіркелді.

Сондай-ақ тиісті маман сертификаттары мен рұқсат құжаттары жоқ тұлғалардың халыққа медициналық көмек көрсеткені анықталды.

Қадағалау актілері бойынша заң бұзушылықтарды жою, рұқсат беру құжаттарын алу және кінәлі тұлғаларды заңнамада белгіленген жауаптылыққа тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 млн теңгеден астам сомаға келтірілген залалдың өтелуі қамтамасыз етілді.

Сот қарауында медицина саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру арқылы 62 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқыру және 41 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтіру фактілері бойынша екі қылмыстық іс бар.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігіне ДДСҰ тізіміндегі дәрілерді тіркеу құзыреті беріледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью